«Сарыарқаның» кезекті жеңісі
«Сарыарқа» хоккей командасы «Тверьмен» кездесті. Алаң иелері фаворит болса да, алғашқы кезеңде қарсыластың осал тұсын таба алмады. Тек екінші кезеңнің бел ортасында Вадим Голубцов есепті ашып, «Сарыарқаны» алға шығарды.
Осыдан кейін Кирилл Старцев таразы басын теңестірген болатын. Алайда, кездесу тағдыры қосымша уақытта шешілді. Жүйкелері сыр берген «Тверь» ойыншылары жиі тәртіп бұзып, төрешілердің шешімімен олардың бірі ойыннан шеттетілді. Осы сәтті ұтымды пайдаланған «Сарыарқа» хоккейшілері жеңіске жетті.
Шайба авторы - Ален Гуле. Жоғары хоккей лигасының соңғы үш турында қарсыласынан басым болған Қарағанды облысының командасы турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартты.
Душан Грегор, «Сарыарқа» ХК бас бапкері:
Шиеленіскен тартысты сәтке толы ойын болды. «Тверь» командасы оңай шағыла салатын жаңғақ емес. Командалық тактикасы қалыптасқан ұжым. Не дегенмен, біз жеңіске жетіп, қажетті ұпайды қоржынға салдық.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47