Ақмола облысы креаторларының жәрмеңкесі басталды
Сонымен қатар, Астанада Ақмола облысының креативті жәрмеңкесі басталды. Өңірлік брендтерді қолдау және қолөнер мәдениетін насихаттауға арналған шараға аймақтың 200-ге тарта креаторы қатысты. Келушілер назарына зергерлік бұйымдар, қолөнер шеберлері жасаған ұлттық аспаптар мен әртүрлі кәдесыйлар ұсынылды. Сонымен бірге, IT және робототехника бағытындағы заманауи стартаптар да таныстырылды. Көрме аясында шеберлік сабақтары да ұйымдастырылды. Соның бірі — 12 жылдан бері мал сүйегінен ғажайып туындылар жасап келе жатқан шебер Бектас Кәрімұлының дәрісі. Шығармашылық шара ертең де жалғасады. Қонақтар дәстүрлі қолөнер мен сәндік-қолданбалы өнердің қыр-сырын меңгере алады.
Бектас Кәрімұлы, шебер:
Жұмысымның көбі жауырын сүйегімен жасалған. Қара малдың жауырын сүйегі. Мұнда тұрған жұмыстардың көбісі көрмелерге, байқауларға қатысқан өзіндік орны бар жұмыстар. Тақырыбына күрделілігіне байланысты кішкене уақыты әр қалай. Кейбір жұмысты 2 апта жасап қоямыз, кейбірін айлап жасаймыз.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03
Әлемдік рейтинг: Қазақстан – Орталық Азиядағы ең қолайлы ел
20.10.2026, 13:02