Басты Жаңалықтар Түнгі уақытта қараусыз жүрген 30-ға жуық жасөспірім анықталды

Түнгі уақытта қараусыз жүрген 30-ға жуық жасөспірім анықталды

Елордада түнгі уақытта көше кезіп жүрген 30-ға жуық жасөспірім анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Рейд кезінде ірі сауда орталықтары, компьютерлік клубтар жаппай тексерілді. Мақсат: жазалау емес, қараңғы уақытта жасалатын қылмыстың алдын алып, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Түнгі сағат 22:00. Елордада қоғамдық орындардағы бақылау күшейетін уақыт. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясымен бірлесіп, кезекті рейдке шықты. Жедел топ жасөспірімдер көп жиналатын нысандарға бет алды.

Назгүл Мақжан, Әйелдер істері және отбасылық –демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:

Ата-аналардың жауапкершлігін күшейтуге шақырамыз, түнде ойын-сауық орталықтарында үлкендерсіз, қараусыз, заңды өкілдерсіз кәмелет жасқан толмаған балалар жүрмесе екен деген ниетпен бүгін рейдке шығып түсіндірме, профилактикалық, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Алдымен тәртіп сақшылары ірі сауда ойын-сауық орталықтарына барды. Мұнда түнде үлкендердің қарауынсыз жүрген мектеп оқушылары анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Полицейлер балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерін шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Азамат Әжібаев, Нұра аудандық ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары:

Компьютерлік клубтарда, ойын-сауық орындарында осындай іс-шараларды, тексерістерді жүргіземіз. Қазіргі уақытқа дейін 500-ден астам жасөспірім анықталып, оларға Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442 бабының талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартып, ата-аналарымен профилактикалық іс-шаралар жүргіземіз.

Бұдан бөлек, компьютерлік клубтар мен ойын залдары да тексерілді. Полиция ол жерлерде 18-ге толмаған жеткіншектердің бар-жоғын көз жеткізді. Құқық қорғау органының өкілдері мұндай рейд үнемі өткізілетіні айтып, бала қауіпсіздігіне ең алдымен ата-анасы жауапты екенін ескертті.

Бөлісу