Басты Жаңалықтар Ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады

Ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады

Футболдан төрт жылдықтың басты бәсекесі Әлем чемпионатының басталуына небәрі бір күн қалды. Тарихта алғаш рет жаһан біріншілігіне 48 құрама қатысып, ойындар Солтүстік Америка құрлығының үш мемлекетінде қатар өтеді.

Бұл мундиальде футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер барлығы 104 ойын тамашалайды. Турнирдің ашылу салтанаты Мехико қаласындағы 87 мың орындық атақты «Ацтека» стадионында өтеді. Алғашқы матчта Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасының футболшылары кездеседі. Ал көзіқарақты спорт сүйер қауым Португалия мен Аргентина арасындағы текетіресті күтетіні анық. Өйткені, аяқдоп аңыздары Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің 2026 жылғы Әлем чемпионаты ең соңғысы болуы мүмкін. Жалпы командалар 12 топқа бөлінген. Соның ішінен 32 құрама 1/16 кезеңіне жолдама алатын болады. Айта кетейік, жаһан біріншілігінің барлық ойындарын «Қазақстан» ұлттық арнасы мен «Қазспорт» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 


Бөлісу