Шағын айналма жол елордада көлік кептелісін азайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын айналма жол елордада көлік кептелісін азайтады

05.11.2014
Шағын айналма жол елордада көлік кептелісін азайтады

Осы мәселені шешу үшін Шағын айналма жол салынып жатыр. Оның құрамына 4 жолайрық, 2 көпір мен 3 жол өтпесі кіреді.

Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, шағын айналма жол № 14 (Қошқарбаев), Ақжол, Бейсекова, Сарайшық және Сығанақ көшелері арқылы өтеді. Жалпы ұзындығы - 35 шақырым. Қазіргі кезде жолдың 22 шақырым бөлігінде көлік қозғалысы қамтамасыз етілді. Есіл өзені арқылы Бейсекова көшесіндегі көпірдегі жол ашылды. Бұл Тұран және Сарыарқа даңғылдары бойынша көлік жүктемесін 40 пайызға азайтуға мүмкіндік берді.

Биыл №14 көшеде, Абылай хан даңғылында, Бейсекова көшесі мен Тілендиев даңғылында қозғалыс қалпына келтірілді. Жалпы алғанда, шағын айналма жолы аталған магистральдардан басқа, Бөгенбай батыр, Абылай хан, Құдайбердіұлы, Жеңіс, Момышұлы даңғылдары мен Қорғалжын тас жолында көлік ағынын азайтуға мүмкіндік береді.

Хабарламаларға жазылу