Әке мен бала сайысы
Петропавлда ерекше жарыс өтті. Жас хоккейшілер мұз айдынындағы сайысқа әкелерін шақырды. «Бүркіт» пен «Аяз ата» командалары арасындағы жарыс тартысқа толы болды.
Қазыбек Байболов атындағы жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің тәрбиеленушілері өздерінен күші де айласы да басым қарсыластарын жеңу үшін барын салды.
11-12 жастағы жеткіншектер айдында әкелерін біраз тығырыққа тіреді. Дайындығы жақсы, үлкен жарыстарда төселіп қалған жеткіншектер бар өнерлерін көрсетті. Ал әкелер командасы болса, балаларына еселерін жібермеуге тырысты. Есеп 8:8 болып, тең аяқталды.
Илья Загола, жас хоккейшінің әкесі:
Балаларымызға биылғы жылы жеңіс, табыс тілеймін. Денсаулықтары мықты болсын. Биыл бірінші рет өктіздік жарысты. Болашақта дәстүрлі сайысқа айналады, деп ойлаймын.
Салават Мухамединов, хоккейші:
2014 жылы біздің команданың ең үздік болуын қалаймын. Жақсы ойнау үшін бір-бірімізді жақсы түсінуіміз қажет. Сосын бізге биыл жаңа жабық корт салып берсе екен, деп тілеймін.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47