Шымкенттік оқушы әлемнің 117 университетінен шақырту алды
Шымкенттік мектеп түлегі Дастан Рақыманберді әлемнің 12 еліндегі 117 жоғарғы оқу орнынан шақырту алды. Үш тілде білім беретін мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы SAT емтиханынан 1480 балл жинап, IELTS бойынша 7.0 балл нәтиже көрсетті. Дарынды жас астрофизикадан республикалық олимпиаданың жеңімпазы, сондай-ақ NASA хакатонын қоса алғанда, 15-тен астам IT жарыстардың жүлдегері. Жас түлек Гонконгтағы Политехникалық университетті таңдап, механикалық және аэроғарыш инженериясы мамандықтарын меңгеруді жоспарлап отыр. Болашақта Дастан елге оралып, ғарыш және астрономия саласының дамуына үлес қосуды көздейді.
Дастан Рақыманберді, 11-сынып оқушысы:
Олардың ішінен Гонконгтағы Политехты таңдап отырмын. Толық грант стипендиясымен беріп отыр. Болашақта өзімнің жобаларымды жасасам деп отырмын. Мамандықты меңгеріп, Байқоңырда немесе Қазғарышта істесем, жақсы болады деп ойлаймын.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00