Ең үздік киножобалар іріктеліп жатыр
Алматыда ең үздік киножобалар іріктеліп жатыр. Ұлттық киноны қолдау орталығы өткізген байқаудың екі кезеңінен сүрінбей өткен 95 жоба авторы Сараптамалық кеңес алдында өз идеяларын қорғап шықты. Комиссия мүшелері әр жобаны мұқият қарап, оның идеялық мазмұны мен драматургиялық сапасына мән береді. Сондай-ақ талаптарға сәйкес бағалап, ең үздіктерін іріктейді. Осы жолғы байқауға алғашында 323 өтінім түсіп, бірнеше іріктеу кезеңінен кейін 95 жоба ғана финалдық қорғауға жолдама алған. Биылғы басым бағыттар қатарында отбасы құндылықтары, тарихи мұра, балалар киносы, экология, спорт және қоғамдық келісім тақырыптары кеңінен қамтылды. Үш күнге созылатын ашық қорғау арқылы мазмұны терең туындылар іріктеліп, ұлттық кино өнеріне тың серпін береріне сенім мол, - дейді Ұлттық киноны қолдау орталығының өкілдері.
Құрманбек Жұмағали, Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы:
Жоспар бойынша жылда біз ең мықты 20 жобаны қолдаймыз. Қазақ киносы бірте-бірте қарқын алып келе жатыр. Үлкен жобалар түсіріліп жатыр. Мемлекет тарапынан қашан да қаржы өзінің жауапкершілігі жағынан қолдап жатыр. Ендігі кезек – кино саласының мамандары шығармашылық топтарын дұрыс ұйымдастырып, сапалы дүние түсіру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы