Саяси және цифрлық ынтымақтастықтың жаңа деңгейі
Түркі жұрты басқосқан саммит бауырлас елдер арасындағы саяси және цифрлық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді. Халықаралық сарапшылар пікірі осындай. Мамандардың айтуынша, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және ортақ цифрлық кеңістік құру бастамалары түркі мемлекеттері арасындағы экономикалық байланысты күшейте түседі. Сонымен қатар Қазақстанның аймақтық цифрлық хабқа айналу бастамасы инновациялық жобаларды бірлесе дамытуға жол ашады. Саммит қорытындысында қабылданған Түркістан декларациясы да ортақ мүдделерді ілгерілетуге бағытталған маңызды құжат ретінде бағаланып отыр.
Сейдолла Садықов, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры:
Бұл түріктік негізіміздің жаңғыруы, біздің дамуымыздың темірқазығы, ортақ дамуымыздың, бірлікте дамуымыздың және әрдайым бірі-бірімізге деген көмек қолын созудың ең негізі осы декларацияда жатыр.
Гүлсара Тоққұлова, педагогика ғылымдарының кандидаты:
Біз қайтсек мемлекеттерімізге ортақ дүние жасаймыз? Қайтсек біз бір тілді боламыз? Бір тілді болу деген әр ұлттың тілін жою емес. Бір тілді болу деген сөз ортақ тіл табыса алатын, аудармашысыз-ақ түсінісе алатын жағдай. Оны бүгін біз ЖИ арқылы жасай алатынымызды дәлелдеді.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Самұрық-Қазына» қолдауымен Третьяков галереясының көрмесі ашылды
09.10.2026, 17:27
Алтын Орда тарихын заманауи форматта насихаттағандар марапатталды
09.10.2026, 17:25
Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі
09.10.2026, 17:23
Ұстаздық еткен жалықпас
09.10.2026, 17:22
Тарихшы: Жастарымыз тарихын білу керек
09.10.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
09.10.2026, 17:17
Зачаган кентінде даму және шығармашылық орталығы салына бастады
09.10.2026, 17:15
Әлемде туу көрсеткіші төмендеп келеді
09.10.2026, 17:13