Президенттер Түркістанды аралап жүр
Түркістанда Түркі мемлекеттер ұйымының бейресми саммиті басталды. Түркістандағы соңғы жаңалықтарды тілшіміз Ернұр Уәлиханнан білсек. Ернұр эфирдесің.
Ернұр Уәлихан, тілші:
Қайырлы күн Қонысбек! Иә, бүгін түркітілдес халықтарының рухани астанасы Түркістан халықаралық саяси алаңға айналды. Қазір көне шаһарға Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінің президенттері келіп жетті. Оларды әуежайда салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бүгін мемлекет басшылары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып тәу етеді. Бұдан бөлек Әзірет Сұлтан музей қорығының көне жәдігерлерімен танысып, қолөнершілер орталығын аралайды деп күтілуде. Сонымен қатар бауырлас Өзбек елі сыйға тартқан мешітке барады. Ал түс ауа конгресс холл кешенінде бейресми саммит басталады.Еске сала кетейік, самиттің тақырыбы Жасанды интеллект және цифрландыру болмақ. Ал біз тұрған баспасөз орталығында 500-ге тарта БАҚ өкілдері жиналған. Оның 100-ден астамы шетелдік журналистер. Әріптестер саммит туралы соңғы ақпараттарды дәл осы жерден таратын болады.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00