Түркі өркениетіне ортақ тұлғаларды насихаттау аса маңызды
Ертең Түркістанда түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталады. Ал бүгін көне шаһарда Қожа Ахмет Ясауи ілімін зерттеу мен насихаттауға бағытталған халықаралық жиын өтіп жатыр. Конференцияға түркі елдерінен жетекші ғалымдар мен сарапшылар қатысуда. Дәл қазір әріптесім Ернұр Уәлихан тікелей байланысқа шықты, Ернұр, конференцияда қандай өзекті мәселе көтерілді?
Ернұр Уәлихан, тілші:
Халықаралық басқосуда Түркістанның тарихи-мәдени маңызын ғылыми тұрғыдан пайымдау мәселелері кеңінен талқыланып жатыр. Сондай-ақ шара аясында түркі елдері арасындағы ғылыми және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, ортақ мәдени мұраны сақтау мен зерттеу және жаңғырту бағытында тәжірибе алмасу көзделген. Дөңгелек үстелге Түркия, Әзербайжан және Орта Азия елдерінен 30-ға жуық жетекші ғалымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Қазір менің жанымда Ясауитану ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлы тұр. Сайпулла мырза, түбі бір түркі елдерінің ғалымдары мен сарапшылары қатысып отырған бүгінгі жиынның маңызы қандай? Мұндай халықаралық басқосу Ясауи мұрасын зерттеу мен зерделеуге қалай ықпал етеді?
Сайпулла
Моллақанағатұлы, Әзірет Сұлтан ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми
орталығының басшысы:
Ернұр
Уәлихан, тілші:
Иә, саммит аясында өтіп жатқан бұл жиын түркі өркениетіне ортақ тұлғалардың рухани және ғылыми мұрасын жаңа қырынан зерделеуге жол ашатыны анық. Ғалымдар тәжірибе алмасу арқылы тарихи-мәдени байланыстарды тереңдету қажеттігін атап өтті.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Qurban.muftyat.kz сайты іске қосылды
14.05.2026, 13:27
Жетісу облысында 4 шақырым жерді тазалады
14.05.2026, 13:21
АҚШ-тың блокадасынан Кубада отын таусылды
14.05.2026, 13:18
Трамп пен Си Цзиньпин арасында келіссөздер өтіп жатыр
14.05.2026, 13:15
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
14.05.2026, 13:12
Жеңіл өнеркәсіп өндірісі 2 есе артты
14.05.2026, 13:09
Сенат жаңа ордендерді мақұлдады
14.05.2026, 13:06
Түркия президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары басталды
14.05.2026, 13:00