Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
Қазақтың ұлттық шапаны Еуропа төрінде. Республика күніне және Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай Брюссельдегі әйгілі «Manneken pis» мүсініне шапан жабылып, бөрік кигізілді. Бұл - Бельгия мен Қазақстан арасындағы достық пен мәдени байланыстың жарқын көрінісі. «Жульен» есімді баламүсінді киіндіру дәстүрі он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Қазір оның он мыңнан астам костюмі бар. Брюссельдегі ең танымал ескерткішті көруге жылына 6,5 млннан астам турист келеді екен. Шетелдіктер қазақтың ұлттық киімін киген кішкентай бала мүсінмен таласа суретке түсіп, елдің мәдениеті жайлы біраз мағлұмат алды. Қала тұрғындары мен шетелдіктер қазақстандықтарды ұлттық мерекемен құттықтады.
Флоран Малис, Брюссель қаласының тұрғыны:
«Маннекен пис» мүсініне түрлі елдің ұлттық костюмін кигізетіні өте қызық. Себебі біз осы арқылы әлем елдерінің ұлттық киімдерінің қандай екенін білеміз. Әрі бұл халықтардың мәдениетімен етене танысуға тамаша мүмкіндік. Қазақтың ұлттық киімін көріп, ерекше әсерде тұрмын. Қазақстан халқын төл мерекемен құттықтаймын. Елдеріңізге бір күні сапарлап, бар әсемдікті өз көзіммен көремін деген үміттемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы