Басты Жаңалықтар Алматыдағы тіс емханаларына ₸26 миллион айыппұл салынды

Алматыдағы тіс емханаларына ₸26 миллион айыппұл салынды

Алматыда заң талаптарын елемеген стоматологиялық клиникаларға 26 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қалалық прокуратураның талабы негізінде жүргізілген тексеру барысында 46 медициналық мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 63 әкімшілік хаттама толтырылып, бірқатар заңбұзушылық анықталды. Тексерістен кейін 18 клиниканың лицензиясы уақытша тоқтатылып немесе толықтай кері қайтарылған. Мамандар Алматыдағы 92 стоматологиялық орталықтың қызметіне талдау жүргізіп, 85-ін арнайы тексерген. Қазір шаһарда стоматологиялық клиникалардың қызметіне бақылау күшейіп, заң талаптарының қатаң сақталуы қадағаланып жатыр. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің мамандары тексеріс кезінде қандай талаптардың өрескел бұзылғанын атап өтті.

Дамир Дәулетбаев, ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы:

5 мекеме лицензиясыз жұмыс істеген. Стоматолог дәрігерлердің лиценциясы болмаған. Содан кейін алынған медициналық құрал-саймандар, дәрілер тіркелмеген. Болмаса, мерзімі өтіп кеткен. Барлығына айыппұлдар салынды.


Бөлісу