Асыл тұқымды қой өсіру – табысы мол кәсіп
Қостанай облысындағы Перелески ауылының тұрғыны асыл тұқымды қой түрін көбейтіп келеді. Ол қысы қатты арқаның даласына бабы бөлек малды жүрексінбей жерсіндірген аз шопанның бірі. Мал бағуды машақат емес, берекелі табыс көзі көрген шаруамен тілшіміз Мәдина Нағашыбай жүздесіп қайтты.
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Мына асыл тұқымды алып қойдың аты – Чемпион. Салмағы 200 келіге тартады. Бұлардың бойы менің кеудемнен келеді. Шамамен бір 1 метрден асады. Өздері етті әрі табиғаттың кез келген ыстық-суығына төзімді. Ал қозылары тез жетіледі. Нарықта мұндай бір қойдың бағасы 5 млн теңгеден асады.
Биыл буаз малдың көбі егіз қоздапты. Бұл – қыс бойы бір өзі күтіп баптап,
ит-құсқа алдырмай аман алып шыққан қойшының мерейі. Әбілбек Ерсарин он жылдан
астам уақыт байсары, арашан, шымкент және тәжік гиссары сынды бірнеше асыл
тұқымды қой түрін бағады. Бүгінде қорасында 50-дей түлік бар. Олардың бой бітімі де,
күтімі де – ерек. Мысалы жаңа туған қозылардың салмағы 8 келіден асып тұр.
Әбілбек Ерсарин, қойшы:
- Міне, бұлар осындай тау мұрынды, салпаңқұлақ келеді.- Сіз жылына бір рет қана қоздатасыз, иә?- Иә, себебі ол да тірі жануар. Ағзасы демалып, қалпына келуі тиіс. Сонда келер жылы жақсы төлдейді.
Әбілбек – ата
жолын жалғаған шаруа. Әкесі де кезінде қазақтың Еділбай тұқымын көбейтіп,
баққан. Бала кезден таяқ ұстап, мал
жайлап өскен
соң, ветеринар мамандығын таңдаған.
20
жылдан аса уақыт осы ауылдың бар түлігін өзі емдейді. Сондықтан кейде тіпті
әлжуаз малға өзі ота жасап, төлдетіп алады.
Әбілбек Ерсарин, қойшы:
Кейде өздері қоздай алмай жатса, кесер тілігін жасаймын. 25-ке жуық аналық қойым бар. Биыл жақсы төлдеді. Негізі бұл менің хоббиім десе болады. Малдың қай-қайсысының асыл тұқымдысы ерекше ұнайды. Болашақта тұқым түрін көбейткім келеді.
Асыл тұқымды қой өсіру – табысты кәсіп. Етті, ірі, өнімді. Ал шығынын еселеп
жабады. Алыс-жақын өңірлерден, тіпті шетелден келіп, сатып алып кететіндер көп. Десе де
солтүстік аймақтарда шарушылықтың бұл түрі енді дамып келе жатыр. Жалпы өңірде
951 қожалық бар, соның 25-і ғана асылтұқымды қой өсіреді. Сондықтан мемлекет
жаңадан кәсіп бастаймын деушілерге демеуқаржы береді.
Назерке Шырдай, облыстық а/ш
басқармасы бөлімінің бас маманы:
Төлдері қымбатырақ болғанымен, оларды күтіп-баптау арзанырақ. Көп қаражат қажет етілмейді. Сол себепті шаруашылықтардың экономикалық тұрақтылығын сақтап қалады. Оның ішінде көшбасшылары – Қарабалық, Наурызым, Амангелді, Жангелді және Меңдіқара аудандары.
Әзірге облыста екі ірі қожалық қана селекция жүргізеді. Еділбай, қазақтың
құйрықты қылшық жүнді және гиссар тұқымы жергілікті климатқа төзімді болған
соң, сұранысқа ие. Былтыр Әбілбек Ерсарин республикалық көрмеге екі қошқар, бір
қозысын апарып, топ жарды. Бұл өңір үшін кенжелеп қалған кәсіпке серпін берер
жетістік.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елордалық оқушылар құстарға ұя жасады
06.05.2026, 17:33
Қ.Сәтбаев дайындаған Ертіс – Қарағанды каналының жобасына балама жоқ
06.05.2026, 17:27
Қарағанды облысында 500 МВт-тық жел электр станциясы салынады
06.05.2026, 17:25
Хиуаз ауылында жол салып жатқанына 8 жыл болды
06.05.2026, 17:22
ШҚО-да елудей мектеп директорсыз жұмыс істеп тұр
06.05.2026, 17:20
Трамп Ормұз бұғазынан кемелерді өткізуді уақытша тоқтатты
06.05.2026, 17:17
Екі күннен бері мұнай арзандап барады
06.05.2026, 17:15
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттыққа серпін беріледі
06.05.2026, 17:12