Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында 500 МВт-тық жел электр станциясы салынады

Қарағанды облысында 500 МВт-тық жел электр станциясы салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің бірнеше өңірінде жел мен күн электр станциялары салынбақ. Мәселен Қарағанды облысында қуаты 500 МВт-қа жететін жоба іске қосылады. Бұл энергия көзін арттыруға ғана емес, экологиялық жағдайды жақсартуға де сеп болмақ. Өңірдегі желдің қуаты жасыл энергия алуға жарамды ма? Бұл қаншалықты тиімді болмақ? Жандос Бақытұлы зерттеп көрді.

Жандос Бақытұлы, тілші:
Біз қазір еліміздегі ең ірі жел электра станциясындамыз. Мұндағы 1 қондырғының биіктігі 115 метр. Ал қуаттылығы Осакаров ауданын толықтай жарықпен қамтамасыз етуге жеткілікті.
Осакаров ауданындағы бұл жоба аяқталуға жақын. Қазір мұнда 20 жуық жел турбиналары қойылып, үздіксіз тоқ өндіруде. Мамандардың айтуынша жобаға Сарыбел даласы жәйдан-жәй таңдалған жоқ. Мұнда солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс желі тоқтаусыз соғып тұрады.
Ғалымжан Серіктаев, «Гиперборея» ЖШС инженері:
- Ғалымжан мырза, бұл қондырғылар 3 метр секундтан бастап жұмыс істейді дедіңіз. Осакаров ауданындағы желдің орташа жылдамдығы қанша?
- Осакаров ауданында желдің орташа жылдамдығы 8.5 м/с. Жел электр қондырғысы 3м/с тоқ өндіре бастайды. Ал жалпы қуаттылығы 150 мегават.
Компания тоқ көзін Электр желілерін басқару жөніндегі компанияға сатуда. Ал олар Астана мен Қарағанды қалаларына үлестіреді. Бір сөзбен айтқанда, өз желімізді өзімізге саудалап отыр. Сондықтан алдағы уақытта Қарағанды жерінде бұдан 3 есе қуатты жаңа жел станциясы салынбақ. Ол үшін арнайы Қытаймен инвестициялық келісімге қол қойылды. Болашақ станция жылына шамамен 1,6 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндіреді.
Әлімжан Тұрар, Энергетика министрлігінің департамент директоры:
Инвесторларға қойылатын талаптардың бірі – ол отандық өнімдерді қолдану, отандық жұмысшыларды, осы жобаны құрастырған кезде соларды мейлінше осы жобаға кіріктіру, біріктіру.
Елімізде Жасыл энергия көзін өндіру бойынша бірінші орында Жамбыл облысы тұр. Өңір ел тұтынатын электр энергиясының 30% қамтып келеді. Оның үстіне Мойынқұм ауданында қуаты 1 гигаватт болатын Жел электр станциясының құрылысы басталды. Ал, Ақмола облысында жалпықуаты 541 МВт-тан асатын 18 жоба жұмыс істеп тұр. Сондықтан Қарағанды секілді экологиялық аймақ үшін бұл өте маңызды жоба дейді, сарапшылар.
Айнұр Дүйсенбаева, сарапшы:
Осы электр энероия көзі біздік өңірге толық қамтылса деген ойдамыз. Біз түтін газдан арыламыз. Халықтың денсаулығына үлкен инвестиция деп ойлаймын. Гибридті электр энергия көзін салса деген ой айтар едім. Жел болмағвн жағдайда күннен, жел болса, желден тоқ көзін аламыз
Жасыл энергияның жаманы жоқ. Сол үшін Президент инвестиция тарту арқылы баламалы қуатқа басымдық беруді тапсырды. Енді елімізде алдағы бес жылда қуаты 6,3 гигаватт болатын «жасыл» энергия нысандары іске қосылмақ.

Бөлісу