Басты Жаңалықтар ШҚО-да елудей мектеп директорсыз жұмыс істеп тұр

ШҚО-да елудей мектеп директорсыз жұмыс істеп тұр

Шығыс Қазақстан облысында елуге жуық мектепте директор жоқ. Әсіресе алыс ауылдағы білім ошақтарына басшы табу қиын.Лауазымды қызмет болса да шалғайдағы  елдімекендерг ешкімнің барғысы келмейді. Тек  мектеп директоры емес, мұғалімде жетіспей жатыр. Кадрға қатысты  түйткілдің түйінін шешу жолдарын тілшіміз Олжас Керейхан салаға жауапты басшылардан сұрап көрді.

Ұлан ауданындағы Тройницкое ауылы Өскеменнен 100 шақырым ғана. Елдімекендегі 9 сыныптық негізгі мектепте жиырмаға жуық оқушы білім алады. Сегіз бен тоғызда 2-3, ал бастауыш сыныптарда 8-9 бала бар.

Әзиза Мұқсынова, мұғалім:

Мектепке директорсыз... енді мен білмеймін. Мектепке директор керек? Жазда міне жөндеу жұмыстары болады. Төбемізде шатырымызды жөндейді. Ауылдың болашағы бар. Міне осы көктемде екі отбасы көшіп келді. Ол отбасында 5 бала бар.

Қырық жылдан аса білім саласында басшылық қызметте болған Гүлфарида Ауғанбаеваның пікірінше қазір тәжірибелі мамандардың көбі директор болуға аса құлықты емес. Өйткені көбі жауапкершіліктен қашады.

Гүлфарида Ауғанбаева, ҚР Білім беру саласының үздігі:        

Ең бірінші жауапкершілік болу керек. Ештеңкемен санаспау керек. Мектебіңді балаларыңды, мектептегі оқушыларыңды және әріптестеріңізді құрметтейсіз. Баста да, көзді үлкен қылып аш та жанталасып тұрып жұмыс істе.

Жанталасып жұмыс істеп жүрген директордың бірі Әділ Сайлаубек. Тәжірибелі басшының мектепбінде 2 мыңға жуық оқушы бар. Бірақ білім ошағында 2 оқушы болса да барлық директорға заң бойынша бірдей талап қойылады.

Әділ Сайлаубек, мектеп директоры:

Мектеп директоры қазіргі таңда сегіз қырлы, бір сырлы деуге болады. Өйткені тек қана оқу процесі білім сапа ғана емес, кейде керек болса, сантехник те болып кетеміз. Қазіргі таңда жаңалық деп ойламаймын. Бірақ оның өзі мектепке деген жанашырылық.
Жанашырлық болса ғана жұмыста жетістікке жетесің. Алайда алыс ауылдағы мектепке басшы болуға ешкім қызықпайды. Оған қоса директорлық лауазымдық қызмет болса да қатардағы мұғалімнен жалақысы аз. Ең басты себеп осы.

Қуат Оқасов, ШҚО білім басқармасының басшысы:

Әрбір ай сайын біз конкурстар өткіземіз. Өткен айда 10 өтініш түсті. Мектеп басшылығының орнына. Оның сегізі ғана өтті. Бірақ та бізде зейнетттегі істеп жүрген басшылар да көп. Олар енді қазір 25-мамырдан кейін еңбекшарты тоқтап қалады. Қайтадан көбейеді.

Өңірде қазір мектеп директоры болуға арнайы конкурстан өткен 14 адам ғана өткен. Сондықтан директорлық лауазым мен кейбір нақты пәндер бойынша мұғалім тапшылығы кезең-кезеңмен ғана шешілмек.


Бөлісу