Шымкентте «Мерген» бақылау камераларын қосты
Шымкенттік көлік жүргізушілері енді қауіпсіздік белдігін тақпағаны және рөлде отырып телефонмен сөйлескені үшін айыппұл төлейді. Шаһарда ақпараттық бағдарламалық кешен іске қосылған алғашқы екі күннің ішінде осы мәселе бойынша 3 мыңнан астам құқық бұзушылық фактісі тіркелген. Бұдан бөлек жүйе сақтандыру полисінің жоқтығы мен техникалық тексеруден өтпеген көліктерді де автоматты түрде анықтайды. Мамандардың айтуынша, цифрлық бақылау жолдағы тәртіпті күшейтіп, жол апаттарының алдын алуға бағытталған. Бұған дейін мұндай жүйе Астана мен Алматы қаласында іске қосылған.
Бақыткелді Абдраманов, Шымкент қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
4 мамырдан бастап қала бойынша 75 бейнекамера жұмыс істеуде. Ол «Мерген» камерасы қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жол көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00