Шымкентте Бірлік күніне орай «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті
Ал Шымкентте бірлік күніне орай «Қазақ дастарханы» фестивалі ұйымдастырылды. Орталық саябақта өткен шарада үлкен қазан көтеріліп, 1 тонна ет асылды. Этномәдени бірлестік өкілдері ұлттық тағам әзірлеуден өзара бақ сынады. Ұлтаралық келісім мен татулықты дәріптеген фестиваль жайлы тілшіміз тарқатады.
Шымкентте бірлік күніне орай «Қазақ дастарханы» фестивалі ұйымдастырылды. Орталық саябақта өткен шарада үлкен қазан көтеріліп, 1 тонна ет асылды. Этномәдени бірлестік өкілдері ұлттық тағам әзірлеуден өзара бақ сынады. Ұлтаралық келісім мен татулықты дәріптеген фестиваль жайлы тілшіміз тарқатады.
Бірлік пен татулық дәріптелген фестивальде түрлі этнос өкілдері ұлттық тағам әзірлеуден бақ сынасты. Қазылар қазақша еттің пісірілуіне, қамырдың жұқалап жайылуына, қазы-қарта мен жал-жаяның дұрыс тартылуына мән берді. Осы бәсекеде аспаз Насибулла Халықов 1 тонналық қара қазанда ет асып, майлы сорпаға қамыр салып, келушілерге дәстүрлі астан ұсынды.
Насибулла Халықов, бас аспаз:
Бүгін міне ет асып жатырмыз. Бір екі мың адамға құдай қаласа дайындық болып жатыр. Бешбармақ, ет асу фестивалі болып жатыр бүгін. Тек қана беш бармақ емес, бұл жақта сірне өзіміздің қазақ ұлттық тағамдары болып жатыр. Тай қуырдақ болып жатыр.Фестиваль аясында қазылар тек тағам сапасын емес, дастархан мәдениеті мен қонақ күту әдебін де назарға алды. Алаңда жұрт асық атып, ләңгі теуіп, арқан тартсыты. Келушілер сірне мен тайқуырдақтан дәм татып, ұлттық тағамдардың түр-түріне қанықты. Ал әжелер диірмен тартып, талқаннан майсөк жасап, күбі пісу арқылы сары май мен құрт әзірлеу дәстүрін көрсетті.
Рәмиля Ескендірова, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы:
Бүгін қалада бізде керемет іс шара. «Бірлік дастарханы» ұлттық тағамдар бар, ұлттық ойындар бар.Керемет концерт кәзір болады. Отандастарға қазақстан халқына шымкент қаласы тұрғындарына осындай мейрам құтты болсын!Рамазан Матеав, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының төрағасы:
Парктің ішінде бәрін жинап, үлкен мейрам өтіп жатыр. Өте жақсы. Бірлік болсын. Тек қана бізде жақсылық болсын Қазақстанда.Бұл күні оқушылар арасында өткен сурет байқауы бірлік пен ынтымақ тақырыбын түрлі қырынан көрсетті. Жас авторлар өз жұмыстарында ортақ құндылық пен татулық идеясын бейнеледі. Сонымен қатар ұлттық қолөнер шеберлерінің бұйымдары келушілер назарына ұсынылып, салт-дәстүр мен тұрмыстық көріністер кеңінен насихатталды. Кеш соңы этнос өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы