Басты Жаңалықтар Президент Ресейдің сыртқы істер министрін қабылдады

Президент Ресейдің сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Президент жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру және сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту маңызды екенін атап өтті. Тараптар Владимир Путиннің мамыр айының соңында Қазақстанға жоспарланған сапарына дайындықты пысықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапарды биылғы екіжақты күн тәртібінің ең негізгі іс-шарасы ретінде бағалады. Сергей Лавров дайындық барысы туралы мәлімет беріп, екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастық үкіметтер мен сыртқы істер министрліктері деңгейінде талқыланып жатқанын жеткізді. Кездесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қаралды.

Бөлісу