Қазақстан мен Ресей СІМ бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдады
Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрліктері 2027-2028 жылдарға арналған, бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдады. Мақсат – сан-саладағы стратегиялық серіктестікке серпін беру. Көрші мемлекеттің сырқы істер министрі бүгін Астанаға ресми сапармен келіп, қазақстандық әріптесі Ермек Көшербаевпен кездесті. Әңгіме барысында арадағы алыс-берісті ілгерілету, мамыр айында өтетін Ресей президенті Владмир Путиннің елімізге сапары және оған дайындық жұмыстары пысықталды. Сондай-ақ екіауара сауда айналымының көлемін ұлғайту жолдары қаралды. Бүгінде бұл көрсеткіш 28 млрд АҚШ долларына жуықтап қалған.
Ермек Көшербаев, ҚР Сыртқы істер министрі:
Ресей біздің ең ірі сауда серіктестеріміздің бірі. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша арадағы сауда айналымы 27 млрд доллардан асты. Мемлекет басшысы алдағы жылдары бұл көрсеткішті 30 млрд долларға жеткізуді тапсырды. Межеге жақындап келеміз. Қазір қос елдің жобаларын біріктіретін пул жасалып жатыр. Бұл екі елдің арасындағы тығыз экономикалық байланыстардың көрінісі.
Ресей Қазақстанға 29 млрд доллар инвестиция құйған. Бүгінде біздің елде
көршіміздің капиталы бар 19 мың компания жұмыс істейді. Қазақстандық
инвесторлар да Ресейдің түрлі салаларына 9 млрд долларға жуық ақша салған. Жалпы
алыс-беріс тиісті деңгейде дамып келеді. Енді арадағы серіктестік жаңа деңгейге
көтеріледі. Атап айтсақ білім беру саласындағы әріптестік дамып, Ресейде 3
қазақ мектебі ашылады.
Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:
Біз 6 бірлескен мектептің құрылысын бастамақпыз. Нақтырақ айтсақ, Ресейде 3 қазақ мектебі ашылады. Біз жоғары және орта білім беру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуді құптаймыз. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Ресейде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы жұмысын бастады. Алғашқы іріктеу өтті. Өз кезегінде Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарының 8 филиалы жұмыс істейді, оның ішінде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалы да бар.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елордада «Astana Winner» халықаралық көрмесі өтеді
30.04.2026, 17:33
Көкшетауда 10 мың орындық стадион салына бастады
30.04.2026, 17:30
Астанада «Достық керуені» шарасы өткізілді
30.04.2026, 17:27
Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай шара өтті
30.04.2026, 17:25
Түркістан мен Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экоакциясы өтті
30.04.2026, 17:22
«Atyrau volunteer fest» фестивалі өтті
30.04.2026, 17:20
Маңғыстау облысындағы үлкен жолдардың бойына санитарлық-гигиеналық тораптар салынуда
30.04.2026, 17:17
Оралда Yntymaq комьюнити орталығы ашылды
30.04.2026, 17:15