Басты Жаңалықтар Алматы облысында жыл сайын 220 мың тал егетін болды

Алматы облысында жыл сайын 220 мың тал егетін болды

Алматы облысында экологиялық ахуалды жақсарту бағытында жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Жоспарға сәйкес, 2030 жылға дейін өңірде жыл сайын 220 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Осы мақсатта әр сенбі сайын тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылып келеді.

Көктемгі көгалдандыру науқанына бұл жолы да жүздеген адам қатысты. Олардың қатарында жастар, еріктілер және мемлекеттік қызметшілер бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тек қоршаған ортаны жақсартып қана қоймай, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді.

Жанғазы Жаңабаев, облыстық ТҮКШ және абаттандыру басқармасының бөлім басшысы:
Халықтың арасында әрбір тұрғын үй өзінің аулаларын жинастыруда. Балалармен келіп жатыр. Бұл дегеніміз жас ұрпаққа елімізді, жерімізді таза сақтауға, экологиялық мәдениетті дамытуға үлкен септігін тигізуде. Бұл акция ары қарай жалғасады.
Сенбілік аясында аулалар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды. Мұндай экологиялық акциялар жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, патриоттық тәрбиені күшейтуге сеп болады, - дейді шараға қатысқандар. 

Жадыра Жанболатова, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы:

Мемлекеттік қызметшілер патриоттық құндылықтарды арттырып, айналаны тазалап, қоршаған ортаны тащза ұстау, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын атсалысып, Қазақстанымыздың жалпы дамуына үлес қосу дейміз аз да болса да.

Еркін Қиялбеков, облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының бөлім басшысы:

Экологиялық акция «Таза Қазақстанның» шеңберінде бүгін мысалы Алматы облысы әкімшілігінің қызметкерлері бүгін жетінше сенбілікке шығып отырмыз. Бұл өте маңызды мәселе. Өйткені бәріміз азамат ретінде өзіміздің тұрған жерімізді тащза ұстау әр азаматтың міндеті деп ойлаймыз.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында басталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Ұйымдастырушылар өңір тұрғындарын табиғатты қорғауға және тазалықты сақтауға белсенді қатысуға шақырады.


Бөлісу