Бір мезетте мыңға жуық оқушы Абай поэмаларын жатқа оқыды
Ұлттық кітап күніне орай алматылық 1000-ға жуық оқушы бір мезетте ұлы ойшыл, хакім Абайдың «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» поэмаларын жатқа оқыды. Осылайша жасөспірімдер Қазақстан рекордын жаңартуды мақсат етіп отыр.
Хакім Абайдың бас-аяғы үш поэмасы болса, олардың әрқайсысы адам болмысының сан қырын ашатын, ұлы ақынның философиялық терең ойларын, адамгершілікке үндейтін асыл идеяларын жеткізеді. Алматылық оқушылар бірнеше ай тынымсыз дайындалған. Әр сөздің астарына үңіліп, мағынасын жүрекпен сезінуге ұмтылған. Бұл игі бастама жас ұрпақтың кітапқа деген құштарлығын арттырып қана қоймай, ұлттық руханиятты жаңғыртуға бағытталған жарқын қадам болды, дейді ұстаздар қауымы. Мәдени шараға әртүрлі этнос өкілдерінің де белсене қатысуы бірлік пен рухани тұтастықтың жарқын көрінісіне айналды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы