Басты Жаңалықтар 23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күні

23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күні

23 сәуір – Қазақстанда Ұлттық кітап күні және кітапханашылар күні ретінде аталып өтеді. Осы ретте көпшіліктің кітапқа деген көзқарасы қандай? Кітаптар барлық адамға қолжетімді ме? Соңғы уақытта кітап басып шығару ісі қалай дамуда? Мәселені Павлодарлық тілшіміз зерделеп көрді.

Кітап пен кітапхана іздеген Мәшһүр-Жүсіп, Шоқан секілді жандар қиын жол, қиыр жерлерге барды. Ал қазір кітаптың орнын смартфон басты. Баланы кітап оқы деп үгіттеуге кірістік. Жақында Павлодардағы саябаққа қойылған мына мүсін соның айғағы.

Советқазы Нұрсилә, қоғам қайраткері:

Білім аламыз десек, кітапты көп оқу керек. Кітапта жазылып тұр көп нәрсе. Ғылым, білім бәрі кітапта. Мысалы, мен Гуанжоуда болғанда жастардың бәрі мынандай орындықта отырып, парктің ішінде кітап оқып отыр. Көп көрдім. Ар жағында Шэньчженьде болдым, Гонконгте болдым, онда да жастардың көбі кітап оқиды.

Адамзат мыңдаған жылдар бойы бар білімді кітаптан алып келеді. Павлодардың орталық кітапханасында 500 мыңннан аса кітап бар. Олардың 4 мыңға жуық сирек кездесетін қорда сақтаулы. Бұл жерде Алаш арыстары кітаптарының түпнұсқасы бар. Мәселен, Ахмет Байтұрсыновтың «Әліп биі», Мағжан Жұмабаевтың «Педагогикалық еңбегі», Міржақып Дулатұлының «Есеп құралдары» деген кітаптары кездеседі. Ең көне кітап 1800 жылдары басылған.
Тілеуберді Сақаба, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың бөлім меңгерушісі:

Осы сирек кітаптар төрт түрлі бағытта құрастырылған. Оның бірі сол 19-20 ғасырда шыққан көне кітаптар, екіншісі қолтаңбалы кітаптар дейді. Ол қазақ классиктерінің осы кітапханаға табыстаған кітаптары. Үшіншісі факсимильдік, төртіншісі бізде кішкентай кітаптар, стандарттан тыс жасалған.

Бұлар қалтаға салып жүріп оқитын кітаптар. Тіпті алақанға сыйып кетеді. Сөреде орыс, ағылшын, француз тіліндегі кітаптар көп. Олардың электронды нұсқалары да қолжетімді. Кешегі «Абай жолы», «Менің атым Қожа», «Махаббат қызық мол жылдар» секілді қолдан түспес шедеврлер де молынан басылып «мені оқы» деп тұр. Салтанат Жанғазинова 20 жылдан аса кітапханашы болып жұмыс істейді. Қазір оқулық бар, оқырман аз дейді.
Салтанат Жанғазинова, кітапханашы:

Бұрынғы оқырмандар көп деп айтушы едім, ол кезде көп келді. Күніне 500 адам келді деп айта аламын. Қазір енді ондай сан емес. Бірақ сонда да келмейді деп айтпаймын, келеді. Үлкен жастағылар көбінесе үйге алып кетіп оқиды. Бірақ сонда да оқу залына үлкен жастағы адамдар келеді.

Кітапханадан жастарды да көрдік. Қажеттілік бар дейді.
Ақжол Тұрсынбек, студент:

Әндердің тарихы туралы көп оқимын. Өйткені әннің тарихын білмесең, сен ол әнді жеткізе алмайсың.

Еліміздің кітап нарығында шетел өнімдері басым екені жасырын емес. Бұл ретте ұлт өсуі үшін біліммен кемелденуі керек.



Бөлісу