БҚО-да кадрлық резервтегі 22 жас маман жұмысқа кірді
Батыс Қазақстан облысында өңірлік кадрлық резервтегі 22 жас мемлекеттік органдарға конкурссыз қабылданып, еңбек етіп жүр. Осылайша мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буыны қалыптасып келеді. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы өңірдегі жас мамандармен кездесті.
Аймақта екі жыл бұрын өңірлік кадрлық жастар резерві құрылды. Оған 400 жас
өтініш беріп, 30 маман іректеуден өтті. Қазір олардың 22-сі мемлекеттік
қызметке тағайындалды. Солардың бірі – Еркебұлан Сисенов.
Еркебұлан Сисенов, Шыңғырлау
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:
Әлеуметтік саланы таңдап жоба қорғадым. Сол жобаның аясында Шыңғырлау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне – нағыз әлеуметтік саланың ошағына қызметке келдім. Жастарды қолдайтын осындай жобаның болғаны біз үшін мотивация, серпіліс береді.
Өңірдегі жастардың қарасы
185 мыңнан асады. Оларға
мемлекеттен жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен «Жайық жастары» тұрғын
үй бағдарламасы аясында 113 жас баспанамен қамтылды. Білімді,
еңбекқор жастарға гранттар беріледі. Ал мемлекеттік қызметте 700 жуық маман еңбек етеді.
Дархан Жазықбай, Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің төрағасы:
Грантпен оқыған, жақсы оқып жатқан, JPI көрсеткіші 3.33-тен жоғары, яғни 84 балдан жоғары жастарды ауылдық, аудандық әкімдіктерге тікелей, конкурс өткізбестен, тест тапсырмастан, бірден тағайындау рұқсат етілген. Сондықтан да жастарымызға қазіргі таңда Мемлекет басшысының тарапынан мемлекеттік қызметке келуге, оның ашықтығын қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндіктер берілген.
Кездесуге жас маман, студенттермен қатар, оқушылар да қатысты. Өйткені,
мемлекеттік қызметтің IT, ветеринария, құрылыс салаларына болашақ білікті
мамандар қажет.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17