Шымкентте «Nazira Gold» ісі бойынша 5 адам соттталды
Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша 5 адамға сот үкімі шықты. Тергеу дерегіне сай, айыпталушылар 2024 жылдың мамырынан 2025 жылдың ақпанына дейін әлеуметтік желілерде жобаны белсенді түрде насихаттаған. Салымшыларға ай сайын 21 мен 41% аралығында табыс және бес айдан кейін қаражатты толық қайтару уәде етілген. Нәтижесінде 1 млрд 460 млн теңге жиналып, 177 адам қаржы пирамидасының құрбаны болған. Сот шешімімен негізгі ұйымдастырушы 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаны өтеу мерзімі 1 жылға шегерілді. Қалған төрт серіктесіне 5–6 жыл аралығында жаза тағайындалды. Жәбірленушілердің талаптары ішінара қанағаттандырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент ТМД-ның ықпалын күшейтетін жаңа қадамды ұсынды
09.10.2026, 20:03
«Самұрық-Қазына» қолдауымен Третьяков галереясының көрмесі ашылды
09.10.2026, 17:27
Алтын Орда тарихын заманауи форматта насихаттағандар марапатталды
09.10.2026, 17:25
Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі
09.10.2026, 17:23
Ұстаздық еткен жалықпас
09.10.2026, 17:22
Тарихшы: Жастарымыз тарихын білу керек
09.10.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
09.10.2026, 17:17
Зачаган кентінде даму және шығармашылық орталығы салына бастады
09.10.2026, 17:15