Қарқарада «Қымызмұрындық» фестивалі өтті
Әйгілі Қарқараның көркем жайлауы ұлттық рухтың ордасына айналды. Алматы облысындағы тарихи мекенде «Қымызмұрындық» фестивалі дүркіреп өтті. Көк майса төсінде өткен мерекеге еліміздің әр өңірінен отыз бес мыңға жуық адам жиналып, ата дәстүрді дәріптеген думанның куәсі болды. Кең даланы ән мен күйге бөлеген, ұлттық ойындар мен қымыздың қасиетін насихаттаған мерекенің тынысы әріптесім Айдана Қуантханның сюжетінде.
Сары далаға сән берген жаз мезгілінде қазақтың көне дәстүрлерінің бірі –
Қымызмұрындық кең көлемде аталып өтті. Бие байлап, алғашқы қымызды елге
ұсынатын тағылымды дәстүр – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, тарихи жадымызды
жаңғыртқан мазмұнды мереке. Іс-шарада ауылдың қыз-келіншектері күбіде түртүрлі
қымыз пісірді. 1 тонна қымызды тегін таратты.
Бақытгүл Көкеева, ауыл тұрғыны:
Биені байлаймыз. Одан кейін саумалын сауып келіп, күбіні ыстаймыз. Оны қойдың құйрық майымен майлаймыз. Дәмді болу үшін жал саламыз. Содан кейін жақсылап пісеміз. Сонда бал қымыз болады.
Дала төсінде өткен дүбірлі тойда ұлттық қолөнер де насихатталды. Шеберлер киіз
басу, сырмақ сыру, текемет басу, жүн түту, алаша тоқу секілді ата кәсіптің
қыр-сырын көпшілікке көрсетті.
Қайша Бөкейқызы, ауыл тұрғыны:
Атамыз қазақтан келе жатқан қазақтың қолөнер салт-дәстүрін жалғастыру. Үйретіп жатқан он шақты шәкірт қыздарым бар. Соларға үйретіп қолөнерімізді шамамызша ұрпақтарымызға жалғастырмақшымыз шамамызша.
Мерекенің сәнін спорттық жарыстар айшықтай түсті. Алдымен Мыңжылқының төсін
дүбірлеткен мың жылқының көрінісі көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Одан
кейін ұлттық ат спортының ең тартысты бәсекесі – бәйге өтті. Биылғы жарысқа
еліміздің әр өңірінен екі жүзге жуық таңдаулы шабандоз қатысты. 32 шақырымдық
аламан бәйге шабандоздардың шеберлігі мен жүйріктердің төзімділігін айқындады.
Мереке соңында қатысушылар мен еріктілер «Таза
Қазақстан» экологиялық
науқаны аясында жайлау аумағын тазалап, табиғатты аялау мәдениетін насихаттауға
үлес қосты.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана – есірткісіз қала» шарасы концертке ұласты
29.06.2026, 13:21
БАҚ қызметкерлеріне баспана берді
29.06.2026, 13:15
ҚХП жаңа төрағасын сайлады
29.06.2026, 13:12
Ресейде қауіпті инфекция тіркелді
29.06.2026, 13:09
Францияда ұшақ құлады
29.06.2026, 13:06
Мектеп оқушыларын алдаған алаяқ ұсталды
29.06.2026, 13:03
Алматы облысында қылмыстық топ ұсталды
29.06.2026, 13:00
ӘЧ-2026: Канада 1/8 финалына шықты
29.06.2026, 10:29