«Астана – есірткісіз қала» шарасы концертке ұласты
«Астана – есірткісіз қала».
Елордада осындай ұранмен өткен ауқымды қалалық акция орталық саябақтағы
Амфитеатр алаңында концерттік бағдарламамен жалғасты. Эстрада жұлдыздарының
қатысуымен өткен шараны тамашалауға мыңдаған көрермен жиналды.
Сахнада өнер көрсеткен қаланың белсенді әрі дарынды жастары салауатты өмір
салтын паш етті. Ауқымды шараға қазақ эстрадасының белгілі өнер иелері де өз
үлестерін қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастарды жат
әдеттерден аулақ болуға шақырады.
Ұлан Жұмахан, Қазақстанның спорт шебері, Азияның бірнеше дүркін чемпионы:
Жаман әрекеттерге бармау үшін менің ойымшы ол бірінші үйдегі тәрбие және спорт , бірден бір жолы ол спорт деп ойлаймын. Өйткені баланың ойын өзгертеді, дене бітімін и өмірге деген көзқарасын өзгертеді деп ойлаймын.
Бұл шара нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы бағытталған
2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында ұйымдастырылды. Жалпы, жыл
басынан бері елордада 300-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілді. Ал
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған бұл концерттік
бағдарлама-сол ауқымды жұмыстардың қорытындысы.
Әлия Қибатқызы, қалалық ПД бөлім бастығы:
30 жыл басынан полиция қызметкерлерімен 300-ден астам заңсыз есірткі айналымына қатысты құқыбұзушылықтар анықталды. Оның 170-тен астамы есірткі затын сатумен айналысатын тұлғаларға қатысты қозғалған қылмыстық істер. Жұмыстағы ең бір басты мақсаттың бірі ол тек қана қылмыстарды ашу емес. Ол – алдын алу, профилактика және есірткіге сұранысты азайту.
Шара барысында нашақорлықтың алдын алуға үлес қосқан ұйым мүшелері, мемлекеттік
орган қызметкерлері мен қоғам белсенділері марапатталды.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарқарада «Қымызмұрындық» фестивалі өтті
29.06.2026, 13:18
БАҚ қызметкерлеріне баспана берді
29.06.2026, 13:15
ҚХП жаңа төрағасын сайлады
29.06.2026, 13:12
Ресейде қауіпті инфекция тіркелді
29.06.2026, 13:09
Францияда ұшақ құлады
29.06.2026, 13:06
Мектеп оқушыларын алдаған алаяқ ұсталды
29.06.2026, 13:03
Алматы облысында қылмыстық топ ұсталды
29.06.2026, 13:00
ӘЧ-2026: Канада 1/8 финалына шықты
29.06.2026, 10:29