Басты Жаңалықтар Түркістан облысында МӘМС қаражатын талан-таражға салған

Түркістан облысында МӘМС қаражатын талан-таражға салған

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы жекеменшік клиникалардың бірі тұрғындарға 28 мыңнан астам кеңес берілді деп жалған құжат толтырып, мемлекеттен 91 млн теңгесін қалтаға басқан. Мұны прокуратура қызметкерлері анықтады. Қомақты қаражатқа құныққан кәсіпкерлер тіпті лицензиясыз консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсеттік деп жалған құжат толтырып келген. Сонымен қатар клиника қызметкерлері стоматологиялық қызмет көрсету барысында да электрондық төлем жүйесіне жалған мәліметтер енгізіліп келген.

Алмас Сағындықов, облыс прокурорының аға көмекшісі:
Бір стоматолог екі мекемеде он шақты пациентке қызметтер көрсеткені туралы жалған ақпарат енгізілген. Қарсы тексеру жүргізуі барысында ол пациенттер қызметтерді алмағаны туралы көрсеткен. Жалпы 203 млн теңгеге осындай қызметтер заңсыз көрсетілген. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, материалдар сотқа жолданды.


Бөлісу