Алматыда коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
Алматыда таңнан бері нөсер жауын жауып тұр. Қолайсыз ауа райына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының дерегінше, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстарға 104 бірлік арнайы техника, 74 мотопомпа және 12 ассенизаторлық көлік тартылған. Оның ішінде 9 техника су басу қаупі жоғары аумақтарға орналастырылған. 75 жедел бригада жасақталып, жалпы алғанда тәулігіне 2700 жұмысшы жұмысқа жұмылдырылмақ. Қосымша көмек ретінде Алматы қаласының құтқару қызметі де кезекшілікке шығады. «Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, бүгін-ертең Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітап оқитын ұлт» жобасына ауылдықтар да белсене қатысып жатыр
28.10.2026, 10:10
Меркі ауылының тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 10:08
Волонтерлар Арал теңізінің табанына 2 мың түп сексеуіл көшетін екті
28.10.2026, 10:07
Қоқыс төккен тұрғынды дрон арқылы анықтады
28.10.2026, 10:06
АҚШ Иранмен соғысқа 47 млрд доллардан аса қаржы жұмсаған
28.10.2026, 10:04
Биыл мамандық таңдауға көмектесетін цифрлық платформаны 35 мыңға жуық оқушы қолданған
28.10.2026, 10:03
Еліміз «Білім беру» көрсеткіші бойынша Орталық және Оңтүстік Азияда көш бастап тұр
28.10.2026, 10:01
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
28.10.2026, 10:00