Шымкентте заңсыз көші-қон ұйымдастырушы топ ұсталды
Шымкентте заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Күдіктілер шетел азаматтарын ақшалай сыйақы үшін елге кіргізіп, олардың құжаттарын заңсыз рәсімдеп отырған. Ауқымды операция барысында 28 тінту жүргізіліп, ондаған шетелдік паспорт, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленді. Сонымен бірге қомақты қаражат пен тіркелмеген қару алынды. Қылмыстық схемаға қатысы бар 13 адам полицияға жеткізілді.
Қанат Нұрмағамбетов, ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы:
Қылмыстық топтың басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада жас ғалымдар күлден тас төсеніштер шығарды
23.11.2026, 20:30
Елордада 17 дизайнер өз топтамасын ұсынды
23.11.2026, 20:11
Аудандық ауруханалардың мүмкіндігі кеңейеді
23.11.2026, 20:08
Президент цифрлық экономиканы дамыту туралы Жарлыққа қол қойды
23.11.2026, 20:08
Соңғы 7 жылда 312 жаңа мәдениет нысаны салынды
23.11.2026, 20:06
Бейнеу ауруханасына 42 жылдан кейін күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр
23.11.2026, 20:06
Президентке Құрылтай жұмысының нәтижелері баяндалды
23.11.2026, 20:05
Жолдау: Байыпты бастамалар халықтың әл-ауқатын арттырады
23.11.2026, 20:04