Шымкенттік оқушылар мектеп жылыжайында маракуйя өсіреді
Шымкенттік оқушылар тропикалық дақылдарды жерсіндіріп, мектеп жылыжайында маракуйя өсіре бастады. Олар ананас, киви мен лимон секілді экзотикалық жемістерді баптап, бананнан жылына екі рет өнім алып отыр. Сонымен қатар, жылыжайда ауыл шаруашылығы өнімдерінің 20-дан астам түрі бар. Сабақтан кейін оқушылар көкөністерді күтіп-баптап, суарып, топырағын қопсытады. Пісіп жетілген жемістер мектеп асханасына жеткізіледі.
Ақперді Нұркелді , № 89 IT мектеп-лицейінің оқушысы:
Мектебімізде қиярды жаңа әдіспен өсіру тәсілін ойлап таптық. Көріп тұрғандарыңыздай қияр тұқымын күш алғанша арнайы пластик жәшікке отырғыздық. Ертең күш алған соң арнайы жер теліміне отырғызып, өніп-өскенше бақылауда ұстайтын боламыз.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09