Шымкенттегі колледжде «Таза Қазақстан» экологиялық семинары өтті
Шымкенттегі Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық семинар өтті. Жастар табиғатты қорғау идеясын қолдап, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын көрсетті. Еріктілер ақпараттық парақшалар таратып, оқу орнындағы өсімдіктерге күтім жасады. Танымдық тәрбие сағатын өткізіп, флешмоб ұйымдастырды. Сондай-ақ шара барысында студенттер өздерінің экологиялық жобаларын таныстырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тың бастамаларын ұсынды.
Айжан Тәжібаева, жеңіл өнеркәсіп
және сервис колледжі директорының орынбасары:
Бізде күнделікті сабақта экология жайы айтылып отырады. «Адал азамат» тәрбие бағдарламасында да бұл бағыт қамтылған. Студенттеріміз өте белсенді. Түрлі жоба жасап жатыр.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16
Almaty SuperSki жобасына қызығушылық жоғары
09.10.2026, 20:16