Шымкентте көшпелі эко-сенбілік өтті
Шымкентте «ReStart» жобасы аясында көшпелі эко-сенбілік өтті. Іс-шараға жоғары оқу орындарының 100-ге жуық студенті қатысып, Бадам су қоймасы маңын қоқыстан тазартты. Еріктілер қалдықтарды сұрыптап жинап, оларды арнайы көліктерге тиеді. Шара аясында жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға және тұрақты дағдыларды қалыптастыруға бағытталған арнайы семинар-треннигтер де өтті. Жоба қорытындысында еліміздің 23 жоғары оқу орны жиналған пластик көлемі бойынша өзара бақ сынайды. Әр университеттің нәтижесі өлшеніп, үздіктерге қаржылай қолдау мен пластикті қайта өңдеуге арналған жабдықтар беріледі.
Бекболат Қалыбеков, Қалалық жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы:
Жасыл экономиканы дамыту жобасының аясында барлық өңірде экосенбілік семинарын, трениг өткізу жоспарланып отыр. Бүгін жүзге жуық жастарымыз ерікті воленторлар қатысып, еліміздің тазалығын сақтауға ат салысып жатыр.
Асылбек Нарбаев, Ерікті:
Өзіміздің мемлекетіміздің тазалығын сақтау,ол барлығымыздың борышымыз деп білемін. Сол себепті осы мемлекеттің тазалығын сақтауға және табиғатты ластамауға үлесімді қосқым келген себептен волонтерлықта жүрмін.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16
Almaty SuperSki жобасына қызығушылық жоғары
09.10.2026, 20:16