Басты Жаңалықтар Шымкенттегі процедуралық кабинеттерде 4 адам көз жұмған

Шымкенттегі процедуралық кабинеттерде 4 адам көз жұмған

Шымкентте жекеменшік дәріханалар жанындағы процедуралық кабинеттерде 4 адам көз жұмды. Барлық жағдайда ем қабылдау барысында науқастардың жағдайы күрт нашарлап, оларға дер кезінде көмек көрсетілмеген. Тексеру нәтижесінде егу бөлмелерінің шұғыл жағдайларға дайын еместігі анықталды. Кісі қазасынан кейін медициналық және фармбақылау департаменті құқық қорғау органдарымен бірге жоспардан тыс 13 тексеру жүргізіп, 12 кабинеттің жұмысын тоқтатты.

Полат Бердалиев, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары:

Анафилактикалық жағдай болған кезде жедел жәрдем көрсету мүмкіндіктері болуы керек. Лицензиясын сәйкестендіру керек, лицензияның түрлері бар. Дәрігерге дейінгі одан бөлек біліктілік көмек, сол жағдайларды заңдастыру керек немесе жұмысты тоқтату керек. ПД құқықтық баға беру, процессуалдық шешім қабылдау бойынша хаттар жолданған.

Бұдан бөлек тексеріс барысында лицензиясыз қызмет көрсету және психотроптық препараттарды заңсыз сату сияқты ірі заңбұзушылықтар анықталған. Нәтижесінде 331 әкімшілік хаттама толтырылып, 41 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.


Бөлісу