Кәсіпкерлерге арналған қызметтер бір жүйеге жинақталады
Енді кәсіпкерлер мемлекеттік қызметтерді бір жерден ала алады. Шымкенттегі Digital Qazaqstan форумында Қаржы министрлігі «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» атты жаңа цифрлық платформаны таныстырды. Жоба бизнеске қажет сервистерді біріктіріп, құжат рәсімдеуді жеңілдетеді. Қазірдің өзінде жүйеге 15 мыңнан астам қолданушы тіркелген.
Әсет Тұрысов, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары:
Біз кәсіпкерлерге барлық қызметті бір жерде ыңғайлы алу мүмкіндігін жасап жатырмыз. Бұл әкімшілік жүктемені азайтып, процестерді түсінікті етеді және бизнеске дамуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ форум аясында сарапшылар жаңа Цифрлық кодексті талқылады. Құжат алғаш рет азаматтардың цифрлық құқықтарын заңмен қорғайды, соның ішінде «цифрлық ұмтылу» құқығы мен дербес деректерді бақылау кепілдіктері бар.
Дмитрий Мун, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің орынбасары:
Жасанды интеллектінің есеп беру міндеттілігі маңызды жаңалық. Алгоритмдер қабылдаған шешімдер адамның мүддесіне әсер етсе, оларды қайта қарау құқығын енгізеді. Бұл ЖИ-ді қолдануды ашық әрі әлеуметтік жауапты етеді. Сонымен қатар смарт-келісімшарттар, бөлінген жүйелер мен биометриялық сәйкестендіру ресми мәртебеге ие болып, бизнес пен азаматтардың өмірін жеңілдетеді.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16
Almaty SuperSki жобасына қызығушылық жоғары
09.10.2026, 20:16