Басты Жаңалықтар Шымкентте «Digital Qazaqstan» форумы өтіп жатыр

Шымкентте «Digital Qazaqstan» форумы өтіп жатыр

Шымкентте Digital Kazakhstan 2026 халықаралық цифрлық форумы басталды. Түрлі стартап жобалар тоғысқан ауқымды алңнан аймақтағы әріптесім Ернұр Уәлихан тікелей қосылуға дайын, Ернұр, инвесторлардың назарын аударған қызықты жобалар бар ма?

Ернұр Уәлихан, тілші:

Биыл Қазақстандағы ірі технологиялық алаң Digital Almaty жаңа деңгейге көтеріліп, алғаш рет ұлттық форматтағы Digital Qazaqstan форумы ретінде өтіп жатыр. Форумға 130-дан астам елден 500 спикер мен 300-ден аса инвестор келген, жалпы қатысып жатқан адам саны 85 мыңнан асты. Негізгі тақырып Industry 5.0, яғни адам мен технологияның үйлесімді әріптестігі. Алаңда өндіріс, медицина, қауіпсіздік және цифрлық қызметтерге арналған отандық AI шешімдері таныстырылуда.  Сарапшылар бұл үрдісті жекелеген жобалардан жүйелі ұлттық цифрлық трансформацияға көшу кезеңі деп бағалайды. Қазір менің жанымда Astana hub өкілі Нұрмахан Закарин тұр.

Форум аясында стартаптар көрмесі ұйымдастырылып, отандық IT-жобалар көпшілік назарына ұсынылады. Ең үздік жоба илереріне берілетін жалпы жүлде қоры 19 миллион теңге. Айта кетейік, форумға дейін өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында үкімет басшысы Олжас Бектенов Еуразиялық экономикалық одақ  елдеріне ЖИ негізіндегі жүк ағындарын басқару платформасын құруды ұсынды. Бұл тасымалды жылдамдатып, шығынды азайтып, көлік дәліздерінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бөлісу