Наурыз мейрамы тойланды
Алматылықтар мен қала қонақтары Әз-Наурыз мейрамын «Aport East» моллында тойлады. Келушілер үшін түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылып, әрбір сауда жасаған тұтынушы жүлделі ұтысқа қатысты.
Орта Азиядағы ең ірі моллдардың бірі – «Aport East» келушілерді 5 күн бойы ұлттық киіммен ыстық бауырсақ ұсынып қарсы алды. Арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қазақы құндылықтарымыз дәріптелді. Жастар жағы асық атып, ләңгі теуіп, қол күрестіріп, арқан тартысты.
Балалар ойын ойнап жатқанда ата-аналары сауда жасап,
көлік ұтысына үміткер болды. Моллдың мұндай тұрақты науқанын қалт
жібермейтіндер көп екен.
Ұйымдастырушылар бұл жолы басты ұтысқа Kia Soluto автокөлігін тігіпті. Қатысам деушілерге жаз аяқталғанға дейін уақыт беріліп отыр.
Рахман Илямов, Aport Mall маркетинг және PR департаменті директорының орынбасары:
10 наурыздан бастап көлік ұтысын ойнату науқаны басталды. Келушілер кез келген дүкенде сауда жасап, әрбір 10 мың теңгенің чегін купонға айырбастай алады. Науқан 30 тамызға дейін жалғасады.
Яғни ұтысқа 30 тамыз түскі 2-ге дейін сауда жасаған тұтынушылар түгел қатыса алады. Дәл сол күні кешкісін өтетін арнайы концертте жүлдегер анықталмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы