Наурыз-думан сән-салтанатпен аталды
Ұлыстың ұлы күнін алматылықтар «Aport East» моллында да ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Ұлттық салт-дәстүрлер насихатталып, ойындар ойнатылды. Концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Сондай-ақ жәрмеңкелер, сыйлықтар мен бағалы жүлделер ойнатылған ұтыс ойындары көпшілікті таң-тамаша етті.
Мерекенің ең жарқын сәттерінің бірі. Келушілерге ыстық бауырсақ таратылып, ілтипат көрсетілді. Әз-Наурызды атап өтуге келген қонақтар ұлттық тағамнан дәм татып қана қоймай, мерекелік шараларды тамашалады.
Сауда орталығының аумағында ұлттық ойындар аймағы да ұйымдастырылды. Бұл алаң отбасылық демалысты жандандырып, балаларға ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларды таныстыруға мүмкіндік берді. Кішкентай көрермендер үшін арнайы шоу-бағдарламалар, аниматорлар мен қызықты шеберлік сабақтары өткізілді.
Марина Корчагина, Aport Mall East маркетолог маманы:
Жыл сайын Aport моллдарында Әз-Наурыз жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Қонақтарымыз үшін ерекше бағдарламалар әзірлейміз. Бұл күндері Aport-та басталған Kia Soluto автокөлігінің ұтыс ойыны да жалғасып жатыр. Қонақтарымыз сатып алған тауарларының чектерін купондарға айырбастап, бас жүлдеге көлік ұтып алуға мүмкіндігі бар.
Мұндай қызықты әрі көңілді бағдарламалар Наурыз мерекесінің ажарын аша түсті, дейді тұрғындар. Осылайша алып шаһардың танымал демалыс орнында ерекше мерекелік көңіл-күй орнады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы