«Damdastour» гастрономиялық фестивалі өтті
Шымкент жұртшылығы Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған «Дәм дәстүр» гастрономиялық фестивалінде ұлттық тағамдардан дәм татты. Шара барысында қаладағы 50-ге тарта мейрамхана өздерінің ең жақсы деген ас мәзірлерін ұсынды. Мерекелік дастарханға асылған ет, наурыз көже және қуырдақпен қатар, өңірдің брендіне айналған кәуап, палау мен самса да қойылды. Фестивальге қатысқан отандық және шетелден келген халықаралық деңгейдегі 10 аспаз авторлық тағамдарын әзірлеп, қонақтарға шеберлік сабақтарын өткізді. Іс-шара қорытындысында үздік қатысушылар анықталып, арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
Шынар Артықбай, қала тұрғыны:
Наурыз өте керемет ұйымдастырлыған, адам саны өте көп. Неше түрлі өнімдер келді. Бәрі керемет, дәмдері күшті. Біз өзіміз палау жедік. Наурыздың палауы әрдайым ерекше болады ғой, барлығы күшті ұйымдастырылыған.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16
Almaty SuperSki жобасына қызығушылық жоғары
09.10.2026, 20:16