Елордада «Ұмытылмас ерліктер» атты кітап көрмесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Ұмытылмас ерліктер» атты кітап көрмесі өтіп жатыр

07.05.2019

«Боздақтар», «Қатарда жүр қарт солдат», «Ұлы Жеңістің батырлары». Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Ұмытылмас ерліктер» атты кітап көрмесі ашылды. Шара аты айтып тұрғандай, Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 74 жылдығына арналған. Соғыс жылдарында жарық көрген немесе отан қорғауға атсалысқан қазақстандық жауынгерлер туралы кітаптар қойылған.

Шараның мақсаты - жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, елін, жерін қорғаған жауынгерлердің ерлігін насихаттау. Көрме алдағы мереке күндері жұмыс істейді. Кітап көрмесінің ашылуына бүгін ардагерлер мен қоғам қайраткерлері, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.

Жарқынбек Жұмаділұлы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкері:

- Ерлік жөнінде дастандар бізде өте көп жазылды. Біздің талай батырларымыз, ерлеріміз, баһадүрлеріміздің ерліктері нәсихатталып келе жатыр.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу