Бүгін Ұлы Абай күні ел көлемінде аталып өтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлы Абай күні ел көлемінде аталып өтіледі

10.08.2022

Бүгін ел көлемінде қазақтың ұлы ойшылы, хәкім Абай күні аталып өтіледі. Айтулы датаға орай елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында “Абай тағылымы” атты әдеби-мерекелік шара кешені ұйымдастырылады. Оның аясында кең көлемдегі кітап көрмесі, абайтанушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтіп, балалар ақынның шығармаларын оқиды. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтетін шараға Қазақстандағы дипломатиялық елшіліктер, турколог ғалымдар мен филологтар қатысады. Алматыда да бірқатар ауқымды шаралар жоспарланған. Халық жазушысының есімімен аталған оқырмандар арасында “Атымды Абай қойған соң…” атты ерекше акция ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ жетекші баспалар кітап көрме-жәрмеңкесін өткізеді. Одан бөлек Республикалық академиялық неміс драма театрының актерлері мен мектер оқушылары Абайдың қара сөздерін мәнерлер оқып, М.Әуезов атындағы Ұлттық қазақ драма театрының ұжымы спектакль сахналайды. Айта кету керек, елімізде Абай күні осымен үшінші рет тойланып жатыр.


Хабарламаларға жазылу