Елордада «Болашаққа билет» атты мамандықтар көрмесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Болашаққа билет» атты мамандықтар көрмесі өтіп жатыр

04.11.2019

Еңбек нарығында қазір SMM-мамандарға сұраныс жоғары. Сондай-ақ, құрылысшылар аса қажет. IT саласын меңгергендерге де жұмыс көп. «Жастар мамандық таңдаған кезде осыны ескергені жөн», - дейді мамандар. 

«Болашаққа билет» атты мамандықтар көрмесінің де мақсаты осы - жоғары сынып оқушылары мен колледж түлектерін сұранысы жоғары мамандықтармен таныстыра отырып, жұмысқа орналастыру. Шара екі күнге жоспарланған. 10 мың оқушыны қамту көзделіп отыр. Жастар түрлі мамандықтың қыр-сырына қанығады, белгілі тұлғалармен, блогерлермен сұхбаттасып, шеберлік кластарына қатысады. Сондай-ақ, мансап бойынша кеңес беру тестілері ұйымдастырылады. 

Талғат Рахманберді, «Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ басшысы:

Әр жас азамат білуі керек, келешекте қандай мамандық иесі бола алады. Мамандықтың иесі болған бөлек, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу керек. Сондықтан ол қазірден бастап ойлануы үшін осындай шараларды өткіземіз.

Ақерке Берікбекқызы

Хабарламаларға жазылу