Елордада заманауи техниканың көрмесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада заманауи техниканың көрмесі өтіп жатыр

31.05.2023

Елордада заманауи техникалық көрме өтіп жатыр. Онда телеарна саласына қажетті бейнекамералар мен экрандар, қосалқы бөлшектер тіпті студиялардың таныстырылымы өтуде. Көрмені Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі де тамашалады. Ол заманауи құрылғылардың мүмкіндіктерімен танысты. Әлемге әйгілі компаниялар өз өнімдерін осында әкелген. Қызығушылық танытып, сатып алу туралы келісімге келіп жатқандар да бар. Көрме ертең де жалғасады.

 Саид Шахапов, қатысушы компанияның техникалық директоры:

Әр түрлі аймақтан телестудия мамандары келіп жатыр. Әр маманның тапсырмасына, сұрақтарына сай  шешімі де әртүрлі.  Серіктес компания өкілдерімен осыны тікелей талқылап отырмыз.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу