Басты Жаңалықтар Д.Қамзабекұлы: Келешек үшін дауыс бердік

Д.Қамзабекұлы: Келешек үшін дауыс бердік

Біз отанымыздың келешегі үшін дауыс беріп жатырмыз. Ұлттық ғылым академиясының академигі, белгілі алаштанушы ғалым, «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы бүгін осындай пікір білдірді.

Нөмірі екінші участкі. Тұрғындар кезекпен дауыс беріп жатыр. Солардың арасында  «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы да бар.

Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры:

Бүгін дауыс беру арқылы біз отанымыздың келешегіне дауыс бердік. Сонымен бірге осы дауысымыз бізді бірлікке шақырады. ЕНУ учаскесінде дауыс бердім. Қасымдағы екі учаскеде халықтың нөмірі өте көп. Жастар, аға буын бәрі де бүгінгі жеткен жетістігімізді ертеңге жалғауға бір ниеті байқалып отыр.

Расында да, бұл учаскеде ғана емес, барлық жерде адам көп. Мерекелік көңіл күйдің лебі де байқалады. Тұрғындар таңдауын жасап жатыр. Солардың арасынан ақын Серікзат Дүйсенғазыны да кездестірдік.

Серікзат Дүйсенғазы, ақын, жазушы:

Ата заңда халықтың тағдыры тұр. Болашақ Қазақстан мемлекетінің. Өзі ата заңда көрсетілген ғой басты мемлекеттің байлығы адам капиталы деп. Халықтың өімірі, халықтың интеллектуалдық жұмыстары, осының бәрі адам капиталына жатады. Сондықтан әр кім өзінің таңдауын жасап жатыр. Енді шешімін көреміз.

Таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастаған дауыс беру учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық болады.


Бөлісу