Басты Жаңалықтар Алматыда әскери бөлімдерде 92 учаскеде дауыс беру жүріп жатыр

Алматыда әскери бөлімдерде 92 учаскеде дауыс беру жүріп жатыр

Алматылық курсанттар да алғашқылардың бірі болып дауыс беріп жатыр. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты курсанттары азаматтық белсенділік танытуда. Учаскеде 3 комиссия мүшесі мен 3 байқаушы жұмыс істеп жатыр.

Таңғы сағат 06:00-ден бастап әскери оқу орнының аумағында орналасқан №143 жабық референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Мұнда 470-тен астам курсант бар. Қазір олар белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Араларында алғаш рет өз таңдауын жасап жатқан жастар да бар.

Сонымен қатар, осы институтқа қарасты Алматы облысы аумағында орналасқан оқу-жаттығу орталығында білім алып жатқан курсанттар мен мерзімді әскери қызметшілер де дәл осы уақытта дауыс беруге белсенді қатысып жатыр. Олар сол өңірдегі ашық референдум учаскелерінде дауыс беруде.

Ал әскери қызметшілер отбасы мүшелерімен бірге тұрғылықты жерлері бойынша өз таңдауларын жасап жатыр.


Бөлісу