Елордада IV Еуразиялық халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада IV Еуразиялық халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр

26.04.2019

Бұл көрмеге әлемнің 13 елінен 90-ға жуық баспа қатысты. Биыл алғаш Татарстан мен Латвияның өкілдер шараға атсалысты. Балалар әдебиетінен бастап, әлем классиктерінің жауһарларына дейін қойылған.

Көрмеге жеке оқулықтарын ала келген авторлар да аз емес. Бұдан былай ағылшынша тіл сындырамын деушілерге мол мүмкіндік бар. Бұл құрал кез келгенге бір айдың көлемінде шет тілін жетік меңгеруге өте қолайлы. Оқулықтың басты ерекшелігі – кез келген адам өз бетімен үйреніп кетуіне болады.

Ернат Мелсұлы, «Ағылшынша тіл сындыру» кітабының авторы:

- Тиімді тәсілмен, тиімді әдістемемен оқытады. Мұнда қатқан қағида жоқ.

Экспозиция тек қана типографиямен шектелмей, полиграфия саласының да өнімдерін көрмеге қойды.

Көрме аясында көрермендерге белді ақын-жазушылармен автограф-сессия ұйымдастырылды. Ал, жас қонақтарға арнайы балалар әдебиеті негізінде интерактивті квест ойындары мен танымдық бағдарламалар әзірленген. Сондай-ақ, көрме үрдісінде 6 номинация бойынша жылдың үздік кітаптары анықталады.

Динара ЖАРҚЫНБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу