Еуразиялық кітап көрмесінде «Абыл мен Қабыл» романының таныстырылымы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық кітап көрмесінде «Абыл мен Қабыл» романының таныстырылымы өтті

17.04.2024

Елордада өтіп жатқан жетінші Еуразиялық кітап көрмесі аясында 50-ге тарта шығарманың тұсауы кесіледі. Ал, бүгін жазушы Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл» романы көпшілікке таныстырылды. «Таңсәрі», «Талтүс», «Алагеуім» және «Түн қараңғысы» атты төрт бөлімнен тұрады. Таңсәріден басталып, түн қараңғысына жалғасқан бір күндік оқиға мен сиам егіздерінің отыз үш жылдық ғұмыры баяндалады.

Мақсат Мәлік, жазушы:

«Абыл мен Қабыл» романы енді менің шығамашылқ өмірімдегі алғашқы романым. Алғашқы көлемді шығарма деп атауға болады. Мұнда енді әдебиетте бір үрдістер бар ғой. Тұлғаның екіге бөлінуі соған бір басқалай бір контекстпен қараған шығарма деп атауға болады. Екеуінің қалауы, арманы екі түрлі болса да бәрі бір-бірінен кете алмайды. Осы бір тайталасқа құралған шығарма. 500 данамен басылып шықты.


Хабарламаларға жазылу