Елордада музей ісіне қатысты конференция өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада музей ісіне қатысты конференция өтіп жатыр

18.04.2019

«Таяу Шығыс пен Орталық Азияның мәдени-экономикалық байланыстары», «Музейлер - интернет желісінде» және «Ежелгі Жібек жолының мәдени мұрасы». Бұл тақырыптар бүгін елордада басталған халықаралық ғылыми конференцияда талқылануда.

Нұр-Сұлтан қалалық Мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастырған «Музей, музеология және мәдени мұра» атты конференцияға Германия мен Қытайдан делегаттар қатысты. Олар аталған тақырыптарды екі күн бойы жан-жақты талқылайтын болады. Сондай-ақ, музей ісінен өзге де тақырыптар бойынша ғылыми жұмыстар таныстырылады.

Нарима Мұхамбеталина, Нұр-Сұлтан қалалық Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

- Конференция Халықаралық ескерткіштер күніне арналған.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу