Дархан Мыңбай: Бүгінгі шара - ұрпақ тәрбиелеу ісіне қосқан үлесіміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дархан Мыңбай: Бүгінгі шара - ұрпақ тәрбиелеу ісіне қосқан үлесіміз

18.05.2015
Дархан Мыңбай: Бүгінгі шара - ұрпақ тәрбиелеу ісіне қосқан үлесіміз

Ұлттық мұражайдағы «Музей түні» шарасының басталғанына бір сағаттан асты. Тұңғыш рет ұйымдастырылған кешке келушілердің қарасы қалың. Мұражай қызметкерлері оларға түрлі бағдарламалар ұсынбақ.

«Музей түні» «Қазақ батырлары» деп аталатын экскурсиядан басталды. Сондай-ақ, «Ғажайып әлем» атты мерекелік концерт өтуде.

«Бүгінгі шара - ұрпақ тәрбиелеу ісіне қосқан үлесіміз», дейді Ұлттық мұражай директоры Дархан Мыңбай.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу