Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған конференция өтті

14.12.2022

«Бекзаттық болмыс биігінен көрінсек». Алматыда Мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібековке арналған конференция өтті. Тарихи тұлға ұлттық мәдениет пен ана тілін дамытуға, халқымыздың салт-дәстүрін жаңғырту ісіне елеулі үлес қосты. Сондай-ақ Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамының жандануына, киелі Тайқазанның елге оралуына тікелей басшылық етті.

Қазақстанда музей ісінің қалыптасуына да септігін тигізді. Басқосуда Өзбекәлі Жәнібековтың әріптестері мен шәкірттері қоғам қайраткері туралы естеліктерімен бөлісті. Шара аясында қайраткердің өмірі мен қызметіне қатысты құнды жәдігерлерден, Ұлттық кітапхана қорындағы кітаптардан көрме ұйымдастырылды.

Әзел Жәнібек-Шәріпова, Ө.Жәнібековтің немересі:

Осы коференцияның негізгі мақсаты - бұл Өзбекәлі Жәнібековтың өмірі мен қызметін үлгіге ала отырып, өскелең ұрпаққа Қазақ халқының ұлттық мәдениетін, тарихын, этнографиясын насихаттау. Жастардың тарапынан қызығушылық тудыру.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу